Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CLXXXVII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 29 апреля 2024 г.)

Наука: Экономика

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Қасымхан Т.Б. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЕСЕПТІЛІКТЕРДІҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CLXXXVII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 8(186). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/8(186).pdf (дата обращения: 11.05.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЕСЕПТІЛІКТЕРДІҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қасымхан Тоғжан Бауыржанқызы

магистрант, «Corporate governance. Compliance and performance appraisal» кафедрасы, Университет Нархоз,

Қазақстан, Алматы

Аппакова Гульмира Несипбековна

научный руководитель,

ғылыми жетекші, PhD., э.ғ.к. қауымдастырылған профессор, Университет Нархоз,

Қазақстан, Алматы

MODERN PROBLEMS OF ACCOUNTING AND REPORTING AT ENTERPRISES OF KAZAKHSTAN

 

Togzhan Kassymkhan

master’s student, Department of Corporate governance. Compliance and performance appraisal, Narxoz University,

Kazakhstan, Almaty

Gulmira Appakova

scientific supervisor, candidate of Sciences in Economics, associate professor, Narxoz University,

Kazakhstan, Almaty

 

АҢДАТПА

Осы мақалада Қазақстандағы кәсіпорындарда есеп жүргізу және есептілікті ұйымдастыру, есептілік жүргізу мәселелері және олардың мемлекеттік басқаруға байланысты ерекшеліктері мысалдар арқылы қарастырылады. Сонымен бірге есептік саясатты жүргізу барысында кездесетін мәселелер айқындалы, оларды жақсарту жолдары ашылады. Алғашқы есептілік құжаттары, есептік саясаты бизнес тің ерекшелігіне сай құрастыру қажеттігі көрсетіледі. Осы мақаланың негізгі мақсаты заманауи кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептілікті жүргізу жолдарын анықтау болып табылады. Кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін төмендететін қаржылық есептілік мәселелерін анықтау және олардың шешу жолдарын қарастыру негізге алынды. Қазақстанда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін арттыру арқылы мемлекеттік экономиканы көтеру мақсаты көрсетілді. Зерттеу барысында абстратілі, статистикалық, монографиялық және бақылау әдістері қолданылды. Бақылау нәтижелеріне сүйенетін болсақ, елімізде кәсіпорындарда есептілік мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерге сүйене отырып  жүргізіледі. Дегенмен, шын мәнісіне келгенде, тәжірибеде қарасақ, әлі күнге дейін алғашқы есептілік құжаттардың алмасуы, құжаттамалау барысында, ішкі есептілік саясатына байланысты мәселелер бар және әлі де шешімін таппағаны байқалады.

 

Түйін сөздер: есепке алу, бухгалтерлік есептілік, құжаттамалау, мәселе, деңгей, мемлекуеттік басқару, актив, міндеттемелер, негізгі құралдар, амортизация, есеп саясаты, нормативті құқықтық актілер, ХҚЕС.

Keywords: accounting, accounting reporting, documentation, problem, level, public administration, asset, liabilities, fixed assets, depreciation, accounting policy, regulatory legal acts, IFRS.

 

Қазақстан ашық нарықтық экономикаға өту барысында қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға негіздей отырып жүргізуді талап етті, сондықтан еліміз батыста орналасқан мемлкеттердің есепке алу тәжірибесін негізге ала отырып, есептілік жүйесін енгізу мақсатты түрде жүргізілді. Осы процесстер жүру кезеңінде, тоқсаныншы жылдардың аяғында елімізде бухгалтерлік есептіліктің стандарттары ақырындап ойластырыла басталды. Олар қаржылық және бухгалтерлік есептіліктілікті халықаралық есептілік стандарттарына сай жасауға ауысу үшін жасалынған алғашқы баспалдақ сынды  болды.

Бухгалтерлік есепті бірегей жүйелі стандарттау, алғашқы уақытта ақ үлкен мәселе еді. Оны шешу мақсатында арнайы есептік стандартар енгізілді [2]. Кейін біріңғай жүйені қамтыған бухгалтерлік есептілікті басқару, қаржылық және салық есептілігіне бөліп қарастыру есепке алу саясатын жетілдіру мәселелеріне алып келді. Бұл орайда бұл мәселе екі бағыт алды: бірінші, нарықтық экономика жағдайындағы есептің рөлі мен орынын белгілеу болса, екінші, жалпы бухгалтерлік есепті қарастыру. Осы айтылған мәселелер мына шешімдерді белгіледі:

  1. Теория, яғни бухгалтерлік есептерді теориялық тұрғыда жетілдіру;
  2. Әдіснамалық, яғни бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жолдары, әдіснамалары [1].

Әдіснама теориядан дамитын болғандықтан, теориялық тұрғыдан бухгалтерлік есепті жетілдіру, әдіснаманың қалыптасуына негіз болды. Бұл кезекте әдіснама кәсіпорынның жалшы есепке алу жолдарын жетілдіруге бағытталуы қажет. Көптеген бухгалтерлердің тұжырымдауы бойынша бұл есепке алудың ақпараттық басқару жолдарын анықтайды. Қазіргі таңа толық дұрыс ақпаратпен қамтылу уақытылы басқару шешімін қабылдаудың кепілі болып саналады. Ал ақпараттарды өз пайдасына сай қысқарту немесе өзгерту кәсіпорынның өндірістік деңгейін төмендетіп, пайда көлемін қысқартады. Қазақстандағы кәсіпорындағы тәжірибе көрсеткіштеріне сүйенсек, өкінішке орай, басқару есептілігіне жеткілікті деңгейде мән берілмейтіні байқалады. Бұл жоспарланбаған шығындарға алып келіп, өнімділікті төмендетіп жатқан кездердің де бар екенін көрсетеді. Осы жағдай бухгалтерлік есептті автоматтандыру және ХҚЕС-мен жұмыс істеу барлық кәсіпорындарды әлі толық қамтымағанының көрінісі бола алады.

Бүгінде Қазақстандағы экономиканың сан түрлі салаларында жұмыс жасайтын кәсіпорындар  көлемі бойынша шағын, орта және ірі бизнестерге жіктелген. Бұл кәсіпорындардың барлығы бухгалтерлі есеп жүргізеді. Олардың кей бірі есептілікті жеңілдетілген формада жүргізсе, кей бірі толық формада жүргізеді. Есепке алу және есептілік қаржылық есептің халықаралық стандарттарына, қаржылық және бухгалтерлік есептіліктің нормативті құқықтық актілерге сай жүргізу тиістелген. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын толық ашып көрсетуге бағытталған.

Материалдар мен әдістер. Бухгалтерлік есептіліктің заманауи формасы ғылымның қолданбалы саласына жатқызылады. Кәсіпорынның шаруашылық операцияларын, өндірістік процестерін, қаржылық немесе бухгалтерлік немесе басқа есептілігін құрастыру кезінде мемлекеттік, яки халықаралық стандарттарды қолдану көптеген кәсіпорын басшыларының ойынша күнделікті өндірістік мәселелерді шешудің жолы бола алады. Сонымен бірге кәсіпорынның есептілігін жүргізу үшін автоматизацияланған компьютерлік программаларды пайдалану тиімді. Атап айтсақ, 1С кәсіпкерлік, SAP және тағы басқа. Тәжірибеде байқағанымыз бойынша басқару, салық, бухгалтерлік есептілікті жүргізу формасы бойынша заңдық, ұйымдастырушылық, экономикалық тұрғыда жыл сайын өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұдан бөлек, нормативті құқықтық құжаттардың барына қарамастан, есептілік кезеңінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында бұрмаланулар бар. Ол есептілікті өткізу кезінде немесе бір операцияны орындап, жабу кезінде құжаттарда сәйкессіздік тудырады.Сол себептен де бухгалтерлік есепті әрдайым дамытып, зерттеу, өзгерістер енгізу артықтық етпейды. Зерттеу мақсаты кәсіпорындарда жоғарыда көрсетіп кеткен проблемаларды шешу жолдарын көрсетуге бағытталған. Ол үшін арнайы әдістер қолданылады:  статистикалы, бақылау, абстракциялық, деректану.

Әдебиетке шолу. Бұл мақаланы жазу барысында көптеген отандық және шетелдік әдебиеттер қолданылды. Әдебиеттер авторларының пайымдаулары бойынша салыстырмалы зерттеу жұмыстары жүргізіле отырып, теориялық дәйектемелер алынды. Отандық әдебиеттер арқылы Қазақстандағы бухгалтерлік есеп жүйесіне талдама жасалынса, шетелдік әдебиеттерден шетелдегі мысалдар алына отырып, озық елдердегі есеп саясатынан кеңестер келтірілді.

Х. Н. Мусаев пен И. Г. Гафурованың «Экономиканы реформалау жағдайындағы есепке алу мәселелері. Қазақстандағы бухгалтерлік есеп және аудит» атты еңбегінде бірегй бухгалтерлік есепке алудың мәселелерін шешуге  2 ұсыныс берген. Біріншісі, теориялық тұрғыдан бухгалтерлік есепті негіздеу болса, екінші берілген теорияларға сүйене отырып әдістер шығару [1].

Жалпы бірегей бухгалтерлік есеп жүргізу мәселесі алғашқы бухгалтерлік теориялар қалыптасқан уақытта Америкадан туындаған еді. Кейін 1970 жылдары қаржылық есеп стандарттары құрылды. Бұл туралы Ричард Бекер « Бухгалтерлік есеп теориясының FASB тұжырымдамалық негізіне әсері» туындысында тоқалады. Яғни бухгалтерлік есепті бір стандартқа келтіру [2]. Америкада бұл GAAP болса, бізде негізінен кәсіпорындар ҚЕХС қолданады.

Стандарттар енгізілгенмен, әлі күнге дейін көптеген кәсіпорындарда есепке алу және есептілікке байланысты мәселелер толық шешілген жоқ. Аллексеев «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік (қаржылық) есептілігінің мәселелері және оларды шешудің перспективалық бағыттары» еңбегінде шағын бизнестердегі есеп жүргізудегі негізгі 5 мәселені көрсетіп және олардың шешу жолын айқындаған болатын [3].

Стоун Дерек пен Хитчинг Клод « Бухгалтерлік есеп және қаржылық анализ» кітабында, кәсіпорынды иесінен бөлек бір субъект ретінде қарастырады және ол алдыға қойған мақсатына жетуі үшін қаражатты әрдайым кәсіпке аударып, айналымда ұстау керек екендігін айтады [4].

Келесі Агафанованың «Басқару есебі және қаржы» кітабы қолданылды. Ол жерде кәсіпорындарға басқару есебінің керек екендігі мәлімделінеді [5]. Ал Лил Б., Макгрегор, Маркустың «Бухгалтерлердің ізгі кәсібилігі алаяқтықты болдырмауға және қаржылық есептілікті қалпына келтіруге мүкіндік береді», атты еңбегінде бухгалтерлер бірінші кезекте тек қана жақсы маман болып қана қоймай, ешқандай ақпараттық бұрмалануға жол бермеуі қажет екендігі айтылады [6].

Мақала кәсіпорынның бухгалтерлік есептілігімен тікелей қатысты болғандықтан, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есептілік шоттары қарастырылды [7].

Нәтижелер мен талқылаулар. Бухгалтерлік есепті жүргізуге байланысты ережер, әдіснамалар және талаптардың болғанына қарамастан, тәжірибеде есептілік жүргізуші жұмысшылар немесе жалпы компания берілген негізгі міндетті қағидаларды, есептілік саясатты толық пайдаланбайтыны байқалады. Осы жағдайда есеп саясатын құқықтық, үйымдастырушылық текникалық технологиялық және экономикалық аспектілерге бөле отырып қарастырылуы керек. Әдіснамалық тұрғыда бөлінген есепке алудың құрамдас бөлігі, басқару, қаржы және салық есептіліктерін толық қамтуы қажет. Қосалқы өндіріс қалыптаспаған шағын және орта бизнесте қаржылық есептілікті ұйымдастыру барысында басқару және салық есептілігі қамтылуы шарт. Басқару есебінің саясаты басқарушы мен жұмысшының атқаратын қызметі туралы мәліметпен қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс және кәсіпорынның басқа тұлғалармен қызметі жайлы ақпараттармен тиімді алмасуына әсерін тигізуші ұйымның қызметтерінің нәтижелері мен параметрлері [5].

Мемелекет экономикасының үлкен бөлігін шағын жәні ірі кәсіпорын субъектілері құрайды. И.В. Алексеев осы субъектілерде бухгалтерлі есептіліктерінде жиі кездесетін мәселелерді көрсетті (сурет 1).

Сурет 1. Есепке алу бойынша шағын кәсіпорындарда кездесетін негізгі проблемалар және олардың шешу жолдары [3]

 

Елімізде есепке алуды және қаржылық есептілікті реттейтін құжаттардың 4 деңгейі бар. Олар төментегі кестеде көрсетілген (кесте – 1).

Кесте 1

Қазақстандағы бухгалтерлік және қаржылық есептілікті норманивті құқықтық реттеу жүйесі

Деңгей

Реттеуші құжаттар

Құжаттамаларды реттеуші органдар

I деңгей – заңды, қолданылуы міндетті

Жарлықтар, кодекстер, жарлықтар, құжаттар

ҚР Президенті, Парламент

II деңгей – мемлекеттік реттеуші құжатар

Стандарттар, есепке алуды және есептілікті реттеуші қағидалар

Қаржы министрлігі, үкімет, Ұлттық банк

III деңгей – кәсіптік ортада іске асырылатын әдістемелік

Бұйрықтар, хаттамалар, әдістемелік нұсқаулықтар, қаржылық есептілікті дайындау мен ұсынудың тұжырымдамасы

Қаржы министрлігі, халықаралық қаршы сарапшылар комитеті, атқарушы қызмет органдары

IV – деңгей, кәсіпорынның жеке есеп саясаты

Ұйымның ішкі құжаттамалары (бұйрықтар, өкімдер, басқа да есеп саясаты құжаттары)

Консультациялық фирмалар, жеке кәсіпорын субъектісі

Ескерту: кесте автормен есепке алу және қаржылық есептілік принциптерін ескере отырып құрастырылған

 

Осы талаптар бойынша кәсіпорындарда басқару, салық және бухгалтерлік есепке алу және есептілік аспектілерін қамтитын жеке есеп саясаты болуы қажет. Сонымен қатар әр бизнестің ерекшелігіне, көлеміне байланысты реттеліп, сақталады.

Қазастанда жоғарыда көрсетілген алғашқы үш деңгейде құжаттамалар жүргізу жақсы дамыған, дегенмен, әлі де ауыспалы нарықтық экономика уақытында  нормативтік құқықтық құжаттама аспектілерін дамытуды, жетілдіруді талап етеді. Бірақ есептілікке қатысты Президенттің жаңа заңдамалары қабылданған уақытта бір біріне сәкессіздік және қарсы келушілік мәселелері байқалады.  Әрине, бұл мәселелер есеп беруде қиындықтар тудырады. Мысалы ақпараттардың бұрмалануы болуы мүмкін және жеке тұлғалардың арасында ақпараттарға ашықтық болмағандықтан мемлекеттік жеке кәсіпкерлерге көмек беруі уақытында коррупциялық қылмыстар байқалады. Әсіресе, бұндай қылмыстық істер кәсіпорындарға субсидия ретінде көмек көрсетілген объектілерді жиі болады. Монополитер тарапынан да есептілік ақпараттары толық көрсетілмейді, ал мемлекеттік реттеу органтары тарапынан тарифтік көрсеткіштер толық жарияланбайды. Бұл өзіндік құнның өсуіне алып келеді. Шын мәнісінде, есептілік ақпараттар қол жетімді, ашық, нақты, объективті бола алады, егер монополистер мен мемлекеттік органдар арасында сөз байласушылық орын алмаған уақытта.

Кез келген бизнес ол өз иесіне абсолютті тұрғыда тәуелсіз жеке субъект, жеке бірлік ретінде қарастырылуы керек. Жеке субъект ол өз жоспарын толық орындай алатын, иесінің қаражатынан өзін толық жабдықтайтын және айналып келген ақша қаражатын жеке капитал ретінде өзіне құяды. Осы орайда капиталды толтыруға байланысты міндеттемелер туындайды. Олар комерциялық қызметтермен тікейлей байланысты.

Кәсіпорын қаражаттары әрдайым қозғалыста болады. Бұл жерде ақша қаражаты ең ликвитті актив болғандықтан бизнесті алдыға жетелеуші және жұмысты жылжытушы құрал болып табылады [4]. Кәсіп иесі де, жалданып жұмыс жасайтын жұмысшы да өз қызметтерін келісіпшарт бойынша атқарады. Бірақ жалдамалы жұмысшы мен меншік иесінің ортасында жақсы байланыс туындамаса, қызғаныш болса, кәсіпорынның есептілігіне де кері әсерін тигізеді. Кәсіпорындарғы мамандар өз квалификациясын жетілдіре бермейді. Сондықтан қаржылық есепті талдау әдістері мен әдістемелерін жақсы білмейді. Осының әсерінен меншік иелері жақсы ақпараттармен қамтамасыз етілмеуі мүмкін. Ал бұл басқару шешімдерін қабылдауда проблемалар туындатады. Бұл жерде және тағы бір мәселе туындайды, ол қаржылық есептіліктің қолданушыларға қол жетімді болу керегіне қарамастан, бұл есептіліктерді ала алмауы мүмкін. Сонымен қатар қаржылық есеп беру жүйесін қалпына келтіру үшін бухгалтерлердің есеп ақпараттарын өз мүддесіне орай икемдеуі үлкен кедергі болып табылады. Қаржылық есептілікті дұрыс қалыпқа келтіру әрекеттері ізгілітермен қалыптасқан кәсіби сәйкестікті реттейтін реформаларда басталуы қажет [6]

Кәсіптің табысты болуына септігін тигізетін алғы шарттардың бірі рационалды тұрғыдан қаржылық басқару болып табылады.  Есептеу әдісіне негізделген икемді бухгалтерлік есептілік пайдаланушыарға қаржылық ақпараттар беруге қолданылады. Есептіліктің активтер бөлімінде барлық компания активі есепке алынуы қатаң қадағалануы қажет. Бұл шығындарды есепке алу құрылымын жақсартуға жол ашады, бұл кәсіпорынның тауарлары мен қызметтерінің құнын анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын өзінің бухгалтерлік есептілігінде негізгі құралдарды бастапқы құны арқылы немесе баланс құны арқылы есепке енгізеді. Бұл 2410 «Негізгі құралдар» шоты арқылы жүргізіледі және негізгі құралдардың амортизациясы есептелінеді, ол 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоты арқылы есепке алынады [7]. Сонымен бірге,, бухгалтерлер соңғы шотты негізгі құралмен байланыстырмайды. Нәтижесінде сатып алынған активтерді немесе тұрғызылған құралдарды 2410 «Негізгі құралдар» шотына тек активтің алғашқы құны ғана енгізіледі, Бұл есептің бұрмаланушылығына және толықсыздығына алып келеді. Биснес субъектілерінде кездесетін мәселелердің тағы бір түрі оол дұрыс құжат айналым жүйесінің болмауы. Яғни алғашқы құжаттар (первичные документы) активтерді есептен шығару кезінде, ақша қаражаты кәсіпорынға келіп түскен кезде уақытылы берілмейді. Бухгалтерлар матеталдық құжаттарға жауапты адамдарды уақытылы қадағаламайды. Бұл 2110 «Негізгі өндіріс» шоты бойынша негізгі өндіріс шығындарын есепке уақытылы алуына кедергі келдіреді. Нәтижесінде біріншіден, қаржылық есептіліктің уақытылы құрастырылуын шектейді, екіншіден, дебиторлық міндеттемеледі қадағалау қиын болады, үшіншіден, лауазымды қызметкелер мен материалдық жауапты қызметкерлер тарапынан атқарушылық әрекет төмендейді.

Шағын және орта бизнес субъектілерінде дебиторлық берешектерді қадағалау барысында да мәселелер бар. Яғни, дебиторлық берешектің өсу қауыпы жоғары. Ал бұл уақытылы қабағаланбаған қысқа мерзімді дебиторлық берешегінің құнсыздануын тудырады. Салдары 1280 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешектің қүнсыздануына болған шығынедарымен бағалау резерві» шотын қалыптастыруға алып келеді.

Мемлекет өз тарапынан салықтық жеңілдіктер және қаржылық көмектен бөлек кәсіпорын иелерінен үлкен жауапкершілік талап ету қажет. Кәсіпорындардағы есептілікті өткізу және құрастыру бойынша мемлекеттік басқарудық халықаралық тәжірибесі бойынша, мәліметтер кәсіпорын пайдасына сай бұрмаланса қатаң жаза қолданылады. Мәселен, Канадада дотация түрінде фермерлерге бөлінген қаражат бойынша, есеп беруді қатаң талап етеді. Дотация мақсатты түрде қолданылмаса, үлкен суммада айыппұл салынады. Өкінішке орай, Қазақстанда, жалпы көптеген ТМД мемлекеттерде осындай қатаң тексеру жүргізу қиын. Себебі көптеген дамыған кәсіпорындар мемлекет меншігінде.

Кәсіпорындарда тағы жиі кездесетін ммәселенің бірі активтердің есептілікте толық бейнеленбеуі. Мысалы автоматтандырылған 1С:Бухгалтерия компьютерлік бағдарламасында активтерді сатып алу, шыққан мерзімі, характеристикасы көрсетілмейді, бұл актив айналымына сараптама жасауға, олардың нақты құнын бағалауға кедергі келтіреді.

Қорытынды. Зерттеу жұмысы бойынша, Қазақстандағы бухгалтерлік және қаржылық есептілік мемелекет белгілеген 4 деңгейлі нормативті-құқықтық актіге сай жүргізіледі деп айтсақ болады. Дегенмен, кәсіпорындарда, есепке алу және есеп беру жүйесінде құжаттардың алмасуына, есеп беруге байланысты мәселелер бар екені анықталды. Бұл құжат айналымының тұрақты уақыт кестесінің болмауы, басшылардың сәйкес бұйрықтарды қолданбауының, активтерді түгендеу коммисияларының жоқтығының салдары. Ал бұл салдар қаржы есептілігіне тікелей әсер етеді.

Сонымен бірге, көптегени кәсіпорындарда ақпарат бірегейлігі жоқ. Бұл мемлекеттік органдарға қаржылық есептілік, өндірістік есептілік өткізген уақытта мәліметтердің сәйкес болмауынан байқалады. Есепке алуды ұйымдастырудың әлсіздігі, бухгалтерлердің негізгі емес жұмыстармен жүктелуі әсерінен өнімділік деңгейінің төмендеуінен байқалады. Сондықтан кәсіпорындарда бухгалтерлердің жұмыс жүктемелерін қалыпқа келтіру қажет, біліктілікті арттыруға бағытталған курстардан, семинарлардан өтуі керек және есептің саясатты ретке келтіру, ішкі басқару жүйесін жақсарту үшін жоғарғы лауазымды тұлғалар да экономикалық, қаржылық біліктілігін жетілдіруі тиіс. Есептілік және есепке алу жүйесін күшейту мақсатында кәсіпорындарда басқару экономикасының механизмін құрайтын құралдар мен бөлітерді жетілдіру маңызды. Бұл бизнес үшін баға саясатын дұрыс қалыптастыруға, шығындарды оптимизациялауға, коммуникативтік және ынталандыру саясаттарын жақсартуға мұмкіндік береді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Мусаев Х.Н., Гафурова И.Г. Прблемы учета в условиях реформирования экономики. Материалы международной научно-практической конференции XXI век: Бухгалтерский учет и аудит в Республике Казахстан. Алматы Экономика. 2001. С. 83-89
  2. Baker, C. R. (2017). The Influence of Accounting Theory on the FASB Conceptual Framework. The Accounting Historians Journal, 44(2), 109–124. http://www.jstor.org/stable/45120242
  3. Алексеева И.В. (2018). Проблемы бухгалтерской (финансовой) отчетности субъектов малого предпринимательства и перспективные направления их решения. Учет и статистика, (2 (50)), 10-18.
  4. Стоун Дерек, Хитчинг Клод. Бухгалтерский учет и финансовый анализ. СПб.: АОЗТ «ЛИТРА ПЛЮС», 1993. С. 25
  5. Агафонова И.П. Основные принципы разработки и внедрения политики управленческого учета при ее интеграции в действующую систему бухгалтерского учета // Управленческий учет и финансы. — 2018. — No2. — С.124–135.
  6. Lail, B., MacGregor, J., Marcum, J., & Stuebs, M. (2017). Virtuous Professionalism in Accountants to Avoid Fraud and to Restore Financial Reporting. Journal of Business Ethics, 140(4), 687–704. http://www.jstor.org/stable/44252985
  7. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп шоттары [Электрондық ресурс]: сайт. - URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900018583
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.