Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CLXXXVI Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 08 апреля 2024 г.)

Наука: Педагогика

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Қуан Д.Т. КОУЧИНГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CLXXXVI междунар. студ. науч.-практ. конф. № 7(185). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/7(185).pdf (дата обращения: 17.05.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

КОУЧИНГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

Қуан Дилназ Тілеубайқызы

студент, мектепке дейінгі және психологиялық педагогикалық даярлық кафедрасы, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті,

ҚР, Қарағанды қ.

КОУЧИНГ И ЕГО ПРИМЕНЕНИЕ В РАБОТЕ ПЕДАГОГА-ПСИХОЛОГА

 

Куан Дилназ Тлеубаевна

студент, кафедра дошкольной и психолого-педагогической подготовки,Карагандинский университет имени академика Е.А. Букетова

РК, г. Караганда

 

АННОТАЦИЯ

Педагог-психологтің жұмысын жаңартуда коучингтің әдістерін қолдануға болады. Осы мақалада коучингтің тарихы, негізгі міндеттері туралы ақпарат бере отырып, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға, проблемаларды шешуге көмектесетін және ең бастысы, психолог жұмысына инновация әкелетін әдістер қарастырылды.

АННОТАЦИЯ

При обновлении работы педагога-психолога можно использовать методы коучинга. В данной статье были рассмотрены методы, которые помогут развить личностные качества учащихся, решить проблемы и самое главное, принести инновации в работу психолога, информируя об истории коучинга и об основных задачах.

 

Кілт сөздер: коучинг, коуч, инновация, «Уолт Дисней стратегиясы», «Эйзенхауер матрицасы».

Ключевые слова: коучинг, коуч, инновации, «Стратегия Уолта Диснея», «Матрица Эйзенхауэра».

 

Қазір психологиялық проблемасы бар адамдарға көмек көрсету түрлері аз емес. Психологияда, жеке тұлғаға көмек беруде әр түрлі жаңа әдістермен бағыттар пайда болуда. Сол секілді, мектеп психологі де өз жұмысын инновацияға толтырғысы келеді. Педагог-психологтің негізгі қызметі 5 бағыт бойынша жүргізіледі және осы бағыттарға жаңашылдық енгізу керек.

Заман талабына сай, ақпараттың көбеюі, инновациялық технологиялардың дамуы немесе әлемдік мәселелердің маңызының артуы тікелеу оқушылардың ғана емес, жалпы адамзаттың ойлауы мен дүниетанымын өзгерткені айдан анық. Осыған орай көптеген жаңа мамандықтар мен жұмыс түрлері пайда болуда. Мысалы, айта кету керек,  біздің елімізге осы соңғы 5 жылда сіңіп кеткен маркетологтар, SMM-мамандар және осы мақалада талқыланатын коуч маманы.

Коучинг саласы қазақ еліне келмес бұрын Америка мен Европа елдерінде терең даму сатысынан өткен жеке тұлғалық және өмірдің басқа салаларын дамытуға бағытталған жұмыс түрі. Коучинг термині алғаш рет 1830 жылы Оксфорд университетінде «Нұсқаушы немесе Тренер» ретінде студентті емтиханға үйретуші «Жетелеуші» сленг мағынасында қолданылды.

 В. К. Мюлердің ағылшын-орысша сөздігінде «Coaching» студенттерді жарысқа немесе емтиханға даярлау, жаттықтыру деген мағынаны білдіреді [2, 5б.]. Білім берудегі коучинг студентке не болмаса педагогқа өзі қалаған мақсаты мен арманына жетуге әсерін тигізетін жағымды көмек түрі. Коучингпен айналысатын мамандарды «коуч» деп атаймыз. Коучингтің түрі өте көп. Олар: жеке коучинг, кәсіби коучинг, бизнсе коучинг, корпоративтік коучинг, маркетингтегі коучинг, қарым-қатынас коучингі, денсаулық коучингі және т.б. Өмірдегі проблемаларды шешетін, өмірлік дағдыларды дамытып, қалыптастыратын коучтарды «Лайф-коуч» деп атайды.

Коучтың психологтан айырмашылығы қандай? Осы сұраққа тоқталайық. Қазір көбісі психологтар көмек сұрап отырған клиентке проблемасын толығымен шешіп береді деп ойлауы мүмкін.   Психолог клиенттің проблемасын шешіп бермейді, клиентке сол проблеманың шешімін табуға көмектеседі. Ал, коучинг тікелей нәтижеге бағытталады. Бірінші рет осы коучинг спортқа қатысты 1861 жылы қолданысқа ене бастады [3]. Яғни, жеңіске жетелейтін жаттықтырушылар. Сонымен, психолог клиенттің бұрынғы немесе қазіргі проблемаларын шешуге, клиенттің өз өміріне жауапкершілік алуға көмектесетін болса, коуч клиенттің қазіргі проблемаларын шешіп беруге, қалаған мақсатына жетелейтін өз саласында жетістікке жеткен тұлға.

«Ұлы мұғалiм-шабыттандырады» деп қытай ғұламасы Конфуций айтқандай мақсатка жету үшін, әр қатысушы оқуға деген кызығушылықтарын арттыруда, окытудың көптеген жаңа әдіс-тәсiлдерiн алып, күнделікті оқу барысында ұтымды пайдалана білуге тырысу керек. Әр оқушының тұлғалық қасиеттерін дамытып, оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін коучингтің принциптері мен әдіс-тәсілдерін қолдана аламыз. Бұл білім берудегі инновация. Ендігі, оқуышылармен немесе педагогикалық ұжыммен бірге қандай әдістерді жүргізуге болатынын талқылайық. Коучингте қолданылатын тиімді техникалар өте көп. Олардың көбісі өмірді жеңілдетуге, мақсатты айқындауға және уақытты тиімді пайдаланып, өзіңді дамытуға арналған.

  1. Теңгерім дөңгелегі;
  2. Эйзенхауер матрицасы;
  3. Логикалық теңдеулер пирамидасы;
  4. Уолт Дисней стратегиясы[1].

Осындай әдістер арқылы педагог-психолог нені өзгертеді?

Біріншіден, жеке тұлға ретінде дамытады, оқушыларға өз ойларын қысылмай жеткізуге және өзін дұрыс бағалауға үйретеді. Оқушылар, тұлғаралық конфликтілерден шығудың, дұрыс қарым-қатынас жасаудың қыр - сырларын өздігінен меңгере бастайды.

Екіншіден, оқу процессін ерекше қызықты етеді. Коучингтегі пайдалы құралдарды, білім беру процесіне сай етіп, өзгертуге де болады. Осыған бір мысал, Уолт Дисней стратегиясын рөлдік ойындарға қосу [4].

Уолт Диснейдің «қиял, реализм және сын» деп аталатын стратегиясы білім берудегі топтық рөлдік ойынның тамаша құралы бола алады. Бұл стратегияны қалай қолдануға  болады?

1. Қиял: Оқушыларға өз идеялары мен армандарын шектеусіз зерттеуге мүмкіндік беру керек. Олар өздерінің қызықты және стандартты емес идеяларын ортаға салулары тиіс.

2. Реализм: Кейін талқылау мен жоспарлауға көшу. Яғни, оқушылардың өз идеяларын жүзеге асыру үшін қажетті практикалық қадамдар мен ресурстарды анықтауға қолдау көрсету.

3. Сын: Соңында олардың жоспарларының артықшылықтары мен кемшіліктерін топпен, сыныппен бірге талқылау. Бұл студенттердің талдау дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Рөлдік ойын ретінде осы стратегияны Уолт Диснейдің кейіпкерлерімен импровизация да жасауға болады. Бұл жағы тікелей педагог немесе психологтің құзыреттілігінде.

Коучинг арқылы біз проблемаға әр қырынан қарап, әр түрлі альтернативалар ұсына аламыз. Уақытты тиімді пайдалануға, қажет емес ақпараттар мен тапсырмаларды  реттеуде көп септігін тигізеді. Мысалға, осы міндетті Эйзенхауер матрицасы орындайды. Оқушыларға күнделікті осы секілді басқа да әдістерді қолдануға мүмкіндік беру қажет. Бұндай әдістер тек қана оқуда емес, күнделікті өмірде де қолданыла береді. Коучинг технологияларын пайдаланудың пайдасы таусылар емес. Әрине, бұл бағытты мектеп психологі жұмысында пайдалану үшін кәсіби біліктілік пен білім қажет. Әдістерді бірнеше рет пайдаланып, оның дұрыстығымен, пайдасына көз жеткізген кезде, нақты шешім жасау маңызды. Қазіргі заманауи мектеп психологі жаңадан коррекциялық  әдістермен, жаңалықтар ашуға мүмкіндігі бар. Менің ойымша, психолог пен педагогтің, коуч ретінде атқаратын міндеттері ұқсас. Олар да коуч секілді, өз клиентіне көмектесуге, атқаралатын жұмыстың тиімді болатындығына кәміл сенеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Основные инструменты коучинга и его методы. – Текст: электронный // Isaac Pintosevich Systems(IPАСТ) : [сайт]. – URL:https://pintosevich.com/instrumenty-kouchinga-i-ego-metody-samye-populjarnye-priemy (дата обращения: 23.11.2021).  [8]
  2. Педагогикалық коучинг: оқу құралы / Қ. Ш. Молдасан, Ұ. Б. Төлешова.— Алматы: Қазақ университеті, 2020.- 111 б.
  3. Коучинг в обучении: практические методы и техники / Э. Парслоу, М. Рэй. — СПб.: Питер, 2003. — 204 с: ил. — (Серия «Практическая психология»).
  4. Степанов, Е.Н. Возможности и педагогическая целесообразность использования коучинга в персонифицированном воспитании школьников / Е.Н. Степанов // Классный руководитель. – 2019. – No 2. – С.25-34.
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.